Әндеме

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:50, 2014 ж. мамырдың 12 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Түсіндірме сөздікте» сөз мағынасы — сылақшының үй сылайтын қалағы деп берілген. «...беліне әндемесін қыстырған бір сұңғақ бойлы жігіт кетіп барады екен». Дәл қазақ тіліндегідей мағынада — «андава» дыбыстық құрамда өзбек тілінде де кездеседі. Ал ұйғырша бұл мағынадағы сөз — «һандуга». Қарастыра келгенде байқайтынымыз қазақтар «әндеме» сөзін Орта Азиядағы түркі халықтарынан ауысып алған сияқты. Оларға парсы тілінен келген. Парсыша: әнда немесе әндуд — сылау. Осы түбірге -ме қосымшасы жалғанып «әндеме» тұлғасына дейін өзгеріп, үй сылайтын құрал атауына ие болған.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала