Муамма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Муамма, әл-Муамма (араб тілінде құпия) – Шығыс мұсылман әдебиетіндегі термин. Муамма деп қаламгердің шығармада өз атын немесе еңбектің туындау мерзімін астарлап, жұмбақтап беруін айтады. Мұндай тәсілді Абжад іліміне сүйене отырып, діни медреселерде оқыған ақындар қолданған. Әсіресе мұндай шеберлік Бұхара медреселерінің шәкірттеріне тән. Мысалы, Шәді Жәңгірұлы “Үш жүздің ол әріптің ортасына, Бір менен төртті қосып етіңіз жат” деп сандарды ойнату арқылы өз есімін жасырған (“Хайбар” қиссасы). Самарқанд қаласындағы Жалаңтөс батыр салдырған Ширдор медресесінің қабырғасына жазылған “Жалаңтөс баһадүр” тіркесі Абжад ілімі арқылы есептеліп, медресенің һижра бойынша 1028 ж. (1612) салынғандығы анықталған.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub