Абай Құнанбаев (Қазақстан баспасы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абай Құнанбаев» - «Қазақстан» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде 1965 ж. жарық көрген библиографиялық көрсеткіш. Құрастырғандар: М. Мырзахметов, Б. Қ. Қойшыбаева, Ф. И. Эльконина. Кітапқа көрсеткіштің ғылыми кеңесшісі профессор Қ. Жұмалиев алғысөз жазып, Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайтану тарихында 1889-1964 ж. аралығында жарық көрген Абай шығармаларының қазақ және басқа тілдердегі басылымдары, ақынның өмірі мен мұрасы жөнінде жазылған 3 мыңнан астам монографиялық еңбектер, зерттеу мақалалар, өнер туындылары туралы мәліметтер топтастырылған. Абай жөніндегі архив материалдары, түрлі қоғамдар мен экспедициялардың жазбалары, патша әкімшілігі құжаттарының тізімдері берілген. Көрсеткіш мәліметтері атаулық-әріптік жүйеге түсіріліп, ғылыми-анықтамалық пен қамтамасыз етілген. Көлемі 25 баспа табақ, 5 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub