Тазкира

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:04, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТАЗКИРА, ғұмырнама – жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беріп, шығармаларынан үзінді келтіретін кітап. Түркі және парсы әдебиеттануында қалыптасқан үш үлгінің бірі. Ең көне Тазкираға Мұхаммед Ауфу Самарқандидің ежелгі әдебиет үлгілерін қамтыған “Негіздер негізі” (1220 жыл шамасы), сондай-ақ Даулатшаї Самарқандидің “Тазкират ош-шора” (1487), Ә.Науаидың “Маджалис ан-Нафаис” (1491 – 92) атты еңбектері жатады. Кейін парсы-түркі тілдес халықтарда Тазкира кең тараған.

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том