Надежда Ноғай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Надежда Ноғай — қазақ ауыр зілтемірші қызы, жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додада екі мәрте топ жарды. 2011 жылы Перудың астанасы Лима қаласында өткен жарыста ол өзінің басты қарсыласы – мексикалық Пласениа Буенодан 48 келі артық салмақты еңсерді. Тағы бір айта кетерлік жайт, Буеноның салмағы Қазақстан қызынан 27 келі артық еді. Ал үшінші тұғырға табан тіреген тайпейлік Луо Юнг-Юан Надежда Ноғай 73 келі кем көтерді. 2012 жылы жастар арасында Словакияның Кошице қаласында да Надежда қарсылас шақ келтірген жоқ. Үштөбе қаласының тумасы екінші орынды иеленген өзінің командалық әріптесі Виктория Вагнерден 38 келі асып түсті. Ногай 15 жасында-ақ жастар арасындағы әлем біріншілігінде жасындай жарқылдады. Малайзияның Пенанг қаласында өткен айтулы додада ол өзінен әлдеқайда ересек зілтеміршілермен сайысқа түсіп, барлығына шаң қаптырды. Күміс медальді иеленген тайпейлік Юао Чи-Линг Қазақстан споршы қызынан үш жас үлкен. Алайда Надежда одан 27 келі артық салмақты еңсерді. Қола жүлдені қанағат тұтқан мысырлық Ахмед-Халаф Шиманың қаза спортшысынан бақандай бес жас үлкендігі бар. Десек те, қазақстандық ауыр атлеттен ол 32 келі кем көтерді.<ref>Күштілер Ташкентте жиналды</ref>
Дереккөздер
<references/>