Мырзағали Тынымбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тынымбаев Мырзағали (Мырзалы) (туған жылы белгісіз – 1931) – кеңестік жүйеге қарсы бағытталған Маңғыстау көтерілісінің басшысы, би әрі батыр. Кіші жүздің адай руынан шыққан. 1931 жылы 23 маусымда Тынымбаевтың көмекшісі Жармағамбет Қожыбайұлы Форт-Александровск қаласына 1000-нан аса адаммен шабуыл жасаған. Екі күндей қаланы қоршауға алып, нәтиже шығара алмады. Көмекке келген жазалаушылармен шайқаста көтерілісшілер 30 адамынан айрылды. 24 – 25 маусымда Тынымбаевтың жасақтары Босаға құдығынан 12 км жерде жазалаушылардың 68-дивизионымен соғысты. Бірінші күні жазалаушылардың саны 40 адам ғана болды. Көтерілісшілер санының көптігін пайдаланып, үш жағынан қоршауға алып, шабуыл жасады. Бірақ жақсы қаруланған жазалаушылар көтерілісшілерді жақындатпады. Келесі күні жазалаушыларға көмекке 3 станокты, 2 қол пулеметпен қаруланған 110 адам келді. Ұзақ соғысуға көтерілісшілердің атыс құралының аздығы мүмкіншілік бермеді. Соғыс барысында жараланған Тынымбаевты жендеттер қылышпен шауып өлтірді. Тынымбаевтың қолға түскен жасақтары, қарауындағы ауыл-аймақтары аяусыз жазаланып, дүние-мүлкі тәркіленді.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мырзағали Тынымбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}