Төлтай Балақаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Балақаев Төлтай(13.4.1923 ж.т., бұрынғы Келдібай а., Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) – тарих ғыл. докт. (1972), проф. (1979). ҚР-ның еңбек сің. қайраткері (2003). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1949, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (19491956), Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археол. және этнол. ин-тында ғалым-хатшы, аға, ғыл. қызметкер (1956–67), бөлім меңгерушісі (1968–85), ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1985–88), бас ғыл. қызметкері (19881991) болды. «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941–1945 жж.» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан ұжымдық «Қазақ КСР тарихының» тарауларын (1963, 1964, 1967 жылғы басылымдары), «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» (1968, орыс тілінде) еңбегін жазуға қатысты. Б. «Әбдірахман Әйтиев» (1958), «Қазақстанның колхозшы шаруалары Ұлы Отан соғысы жылдарында» (1971, орыс тілінде), т.б. ғыл. еңбектер мен мақалалардың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1972), 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub