Дәулетқан Әлімжанұлы Баймұқанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәулетқан Әлімжанұлы Баймұқанов (1925, бұрынғы Калинин ауданы Мереке а. – 1985) — қоғам қайраткері. Селищенскдегі авиамеханиктер дайындайтын әскери мектепті (1944), Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1950) бітірген. 1944 — 46 ж. поляк шабуылдаушы авиаполкінің авиамеханигі, Киев әскери округі 25-шабуылдаушы авиаполкінің авиамеханигі, нұсқаушысы, 1946 — 48 ж. Қазақстан ЛКЖО Көкшетау облысы к-ті арнайы секторының меңгерушісі, 1950 — 52 ж. Красноармейский ауданы к-тінің 1-хатшы, 1954 — 59 ж. Көкшетау облысы к-тінің 1-хатшысы, 1960 — 65 ж. Қаражал қ-ндағы «Атасурудстрой» тресі бастығының орынбасары, 1966 — 74 ж. Қаражал қ-лық Халықтық бақылау к-тінің төрағасы, 1974 — 79 ж. Қаражал қ-лық сауда к-тінің директоры қызметтерін атқарған. 1979 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан. Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала