Әбіласан Әшірбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әшірбеков Әбіласан (1919 жылы туған, қазіргі Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – еңбек және соғыс ардагері. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1966). 1950 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 1946 – 54, 1961 – 92 жылы мектептерде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. 1954 – 61 жылы ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, ауданы атқару комитетті төрағасының орынбасары болды. Ол Бүкілодақтық мұғалімдер (1978) және бірнеше рет Қазақстан халық ағарту қызметкерлері съездеріне делегат болған. «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы», «Октябрь революциясы» ордендерімен марапатталған. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub