Нұрлан Әбдіқалиев
Нұрлан Әбдіқалиев (4.10. 1951 жылы туған, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс аулы) – медициналық ғылым докторы (1999). Алматы мемлекетік медицина институтын (1978, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1979–1993 жылы. Қазақ кардиология ғылыми-зертеу институтының кіші ғылыми қызметкері, кардиология тәжірибелік лаборатория меңгерушісі, 1993–1995 жылы Қазақстан Республикасынын Денсаулық сақтау министрілігінде Ғылым және жаңа технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, 1995–1999 жылы Ғылыми, білім беру мен кадрлар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасынын Денсаулық сақтау министрі (1999), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің проректоры қызметтерін атқарды. Әбдіқалиев 70 ғылыми мақаланың, 2 монографияның авторы. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>