Елена Мәжитқызы Әбдіхалықова
Елена Мәжитқызы Әбдіхалықова (1970 жылы туған, Шәменов ауылы, Жалағаш ауданы, Қызылорда облысы) – сазгер, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998), Қызылорда гуманитарлық университетінің филология факультетін бітірген (1992).
Елена Әбдіхалықова мектеп қабырғасында жүргенде-ақ айтысқа қатысып, 1990 жылы Қызылорда қаласында өткен Рауан аймақтық фестивалінің лауреаты атанды. Бішкекте (1993), Алматыда (1994), Ташкентте (1995), Шымкентте (2002) өткен халықаралық айтыстардың жүлдегері. «Қарашық» өлеңдер мен әндер жинағы, «Бақыт құсы» атты жыр жинағы (2004) жарық көрген. Әбдіхалықованың «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын», «Сыр елі», т.б. әндері халық арасына кең тараған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>