Әбжан Құрышжанұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбжан Құрышжанұлы(5.9.1930 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақүйік ауылы) — түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1973), профессор (1986). ҚазМУ-ді (1953), Қазақстан ұлттық Академисының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1956) бітірген.

Зерттеген еңбектері негізінен тіл тарихы, көне түркі тілдері мен ежелгі қыпшақ жазба ескерткіштері мәселелеріне арналған. Ол 13 ғасырда жазылған “Кодекс Куманикус” жазба ескерткішін, қыпшақ тілдерінің қазіргі түркі тілдерімен, сондай-ақ қазіргі қазақ тілімен арадағы байланысын зерттеп, 8 — 11 ғасырдағы көне түркі тілі мен тарихы жөнінде, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері туралы еңбектер жариялады, оқу құралдарын жазды. Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Иассауи, А.Йүгінеки шығармаларын көне түркі тілінен қазақ тіліне аудару ісіне үлес қосты.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Шығармалары

1.Ескі түркі жазба ескерткіштері.Алматы 2001 Үлгі:WikifyҮлгі:Stub