Қожаспаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:03, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Нариман Қожаспаев (1935 жылы туған, Жамбыл ауданы) – ғалым, техника ғылым докторы (1995), профессор (1996). Ленинград электротехника институтын бітірген ([[1957). 1958 – 60 жылдары Алматы телеорталығында инженер, 1960 – 63 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы ядролық физика институтында инженер, жетекші инженер, 1963 – 65 жылдары Қазақ политехника институтында оқытушы, деканның орынбасары, 1965 – 69 жылдары Мәскеу электротех. институтында аспирант, 1969 – 78 жылдары Қазақ политехника институтында доцент, деканның орынбасары, декан қызметтерін атқарды, 1978 жылдан осы институтта кафедра меңгерушісі. 70-тен аса ғылым мақалалары, соның ішінде 3 монографиясы жарық көрген. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>