Тұрманбет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұрманбет Пұсырманұлы (туған-өлген жылы белгісіз) – би. Ағартушы, ел билеуші М.Бекмұхамбетовтың атасы. Кіші жүздегі шеркеш руының қойыс атасынан шыққан. Пугачев бастаған шаруалар соғысын қолдап, патша әскеріне қарсы соғысқан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене араласып, оның алғашқы және соңғы кезеңінде Сырымды қолдады. Хандық өкіметтің орнына құрылған жаңа құрылым – Байұлы Бас Ордасына бас ағаман (старшина) болып сайланды. Қозғалыстың орта шенінде Сырыммен келіспеушілігін танытты. Негізінен отаршылдықтан құтылуды жақтады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub