Сәттібек Оңғарбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сәттібек Оңғарбаев (27.12. 1949 ж.туған, Ордабасы ауданы Боралдай ауылы ) – заңгер, 3-сыныпты мемлекет әділет кеңесшісі. Свердлов заң институтын бітірген (1974). 1974 – 79 ж. Дзержинск ауданы прокуратурасында тергеуші. 1979 – 84 ж. Талдықорған облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры, Андреев, Қаратал ауданының прокуроры, 1984 – 86 ж. Қазақстан КП Талдықорған облысы комитетінің әкімшілік бөлімінің нұсқаушысы. 1986 – 93 ж. Талдықорған облысы прокурорының орынбасары. 1993 – 94 ж. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы. 1994 – 96 ж. Талдықорған, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры. 1996 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары, 2001 – 2002 ж. Алматы облысының прокуроры. 2002 жылдан Алматы қаласының прокуроры. «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарына 10 жыл» белгілерімен марапатталған.

Дереккөздер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub