Мақан Жиенбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
02:13, 2011 ж. қарашаның 27 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мақан Жиенбайұлы, Алтын Мақан (шамамен 1870, Қармақшы ауданы Қараөзек өңірі – 1931, Семей қаласы) – қайраткер. Саудамен аты шығып, байыған. Орынбор, Үргеніш, Тройц, Бештау қалаларында сауда жүргізген. елді отырықшылыққа, мәдениетке ұмтылдырған. Қызылорда қаласында көптеген үйлер салған. 1908 жылы Алтын мен Табын руларының арасында үлкен жанжал туады. Осы жанжал Ақмешіттегі Мақан Жиенбайұлының 100 адамдық керуен сарайында шешімін табады. Ол 1928 жылы ірі байларды тәркілеу тізіміне ілініп, Семейге жер аударылады. Осында жүргенде қайтадан байып, түрмеге қамалып, сонда қайтыс болады. Бүгінде Мақан Жиенбайұлы салғызған үйлер тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала