Марат Омаров Әбдіұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Марат Омаров Әбдіұлы (16.4.1959 ж.туған, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы) – әнші-композитор. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының. лауреаты (1992), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисті (1995). 1977 – 79 ж. Шымкент облысы филармониясында «Ауылым – әнім» ансамблінің әншісі болды. 1980 – 85 ж. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтында оқыды. 1986 – 90 ж. Қазақ телевизиясында музыка редактор болды. 1992 ж. «Наурыз» шығарм. қорын, ал 1998 ж. «Балаларды дамыту» қорын ашты. 2001 ж. Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет жасады. «Балбөбек» қалалық байқауын ұйымдастырушы. Марат Омаров Әбдіұлы республикалық. «Жігер-87» фестивалі, «Ыстық көл-89», халықар. «Бұқара-90», Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық. байқаудың (1993), «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Стамбұл), Франциядағы «Достық әндері» фестивалінің (2002), «Каир-2003» (Мысыр) халықар. байқауларының лауреаты. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. 2000 ж. Лос-Анжелес қаласында ғы «FІDOF» Әлемдік композиторлар ассоциациясына мүше болып қабылданды. «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала – Астана», Мекке-Мәдине», «Наурыз»,туғанб. әндері бар.

Дереккөздер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub