Лиховидов Федор Федорович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лиховидов Федор Федорович (1930 – 2002) – мемлекеттік қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2000). КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген соң, 1964 жылы Көкшетау қалалық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалады.1965 жылы мамыр айында Лиховидов қалалық партия комитетінің 1-хатшысы болып сайланып, осы қызметті 15 жыл атқарды. Кейіннен Көкшетау облысы партия комитетінің Жеңіл және тамақ өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі, үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті Баспа ісі, полиграфия және кітап саудасы басқармасы бастығының орынбасары, «Полиграфия» бірлестігінің директоры қызметтерін атқарған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub