Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев (11.2.1950, Жаңақорған ауданы, Ынтымақ ауылы) – ғалым, топырақтану ғылымдарының докторы. (1992), профессор. Жамбыл су-құрылыс институтының гидромелиорациялық факультетін бітірген (1972). 1972 жылдан осы институттың топырақтану және егіншілік кафедрасында кіші ғылыми қызметкер, аспирант, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты топырақ мелиорациясы, ауыл шаруашылық дақылдарынан өнім алудың техникасын алдын-ала жобалау, суарудың әдісін жетілдіру, тұзданған жерлерді игерудің теориялық негізі және ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлердің экологиясын жақсарту тақырыбына арналған.<ref name="Source 43">Сыр елі энциклопедиясы</ref> В. Докучаев атындағы медальмен марапатталған. 150-ден астам ғылыми еңбек пен 3 кітаптың авторы.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub