Жақыпбек Махамбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жақыпбек Махамбетов (1912, жылы туған, Сырдария ауданы) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2. 1944). 1943 жылы ақпанда Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қазан айында Днепр үшін болған шайқаста пулеметші Махамбетов асқан ерлік үлгісін көрсетті. Немістің ірі калибрлі зеңбірегін, бір танкісі мен үш автокөлігін жойып жіберіп, 90-ға тарта жаудың көзін құртты. Соғыстан кейін Сырдария, Тереңөзек аудандарында ұжымшар, ауылдық кеңес төрағасы, кеңшар бөлімшесінің басқарушысы болып қызмет атқарды.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала