Ерғали Оразымбетов Сиябекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:03, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Ерғали Оразымбетов Сиябекұлы (10.10.1943 ж.туған, Түркістан ауданы Шорнақ ауылы ) – режиссер. Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтын бітірген. 1972 – 79 ж. облыстық қазақ, орыс драма театрларында режиссер болды. 1979 – 81 ж. Ленинград мемлекеттік академиялық Ленсовет театрында жұмыс істеді. 1981 ж. Жамбыл облыстық драма театрында бас режиссер болды. 2001 – 04 ж. Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрының көркемдік жетекшісі, директоры болып қызмет атқарды.
Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"