Бөлекеев Қасым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бөлекеев Қасым(туған жылы белгісіз — 1827) — сұлтан, Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қазақтардың ханы (1809 — 27). Ералы ханның немересі, Бөлекейдің баласы. Бөлекеевтің қол астында 7 мың отбасын құрайтын Кіші жүздің шөмекей руының қазақтары болған.Бөлекеев Бұхар және Хиуа хандықтарының билеушілеріне белгілі дәрежеде бағынышты болды. Оның хан болып сайлануына Бұхар әмірі Хайдар мен Хиуа ханы Мұхаммед Рахым қолдаушылық көрсеткен.Бөлекеев Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізді. Қоқандықтармен болған шайқас кезінде қаза тапқан. Бөлекеевтің ұлдарының ішінде әйгілісі — Ермұхаммед (Елекей). Ол 1845 жылы хан сайланған.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub