Бөлекеев Сауқым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бөлекеев Сауқым (туған жылы белгісіз — 1843/44) — сұлтан, Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қазақтардың ханы (1837 — 38). Ералы ханның немересі, Бөлекейдің ұлы. Ағасы Бөлекеев Қасым өлгеннен кейін оның өшін алу үшін қоқандықтармен аяусыз күрес жүргізді. 1837 жылы Хиуа ханы Аллақұлдың қолдауымен Кіші жүздің шөмекей руы қазақтарының ханы болып сайланды. Сондықтан Хиуа ханына қарсы келмеген. Қоқандықтардың Сырдария бойындағы қамалдарына жорықтар ұйымдастырып тұрды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub