Омар Бармақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бармақов Омар (туған жылы белгісіз, Торғай облысы (қазіргі Қостанай обл) Батпаққара ауданы — 1930, Алматы) — Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы Торғай облысының Батпаққара ауданында 1929 жылы болған көтеріліс басшысы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Бармақов 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, оның Торғай ауданындағы басшысы Әбдіғапар Жанбосынұлының сенімді серіктерінің бірі ретінде танылған. Ол Батпаққара көтерілісі кезінде де белсенділік көрсетті. Көтерілісшілер жергілікті аудандық өкімет орындарын таратып жіберген соң, Бармақов хан болып сайланды. Ауданда сарбаздар жасақтауға әрекет жасап, көрші Наурызым, Торғай аудандарымен байланыс орнатты. Әскер күшімен көтеріліс басылған соң жауапқа тартылған 530 адамның қатарында ОГПУ “үштігінің” үкімімен Бармақов ату жазасына кесілді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify