Елена Ивановна Евстратенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:46, 2014 ж. маусымның 5 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Евстратенко Елена Ивановна - 1965 жылы 10 ақпанда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Орыс.

Әкесі - Евстратенко Иван Афанасьевич (1931-2007), Теміртау қаласы «СК» зауытының жұмысшысы болған. Анасы - Евстратенко Нина Ивановна (1929-1998), Теміртау қаласы «СК» зауытының жұмысшысы болған.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультетін гобой классы бойынша бітірген (1992), концерттік орындаушы, оркестр әншісі, оқытушы, камералық ансамбль әртісі.

Орыс және неміс тілдерін біледі.

1986 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының опералық студия оркестрінің әншісі.

1987 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрінің әншісі. 1989-1993 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры оркестрінің әншісі. 1994 жылдан - музыкант, 1996 жылдан - №7552 ә/б оркестрінің старшинасы (Алматы).

2000 жылдан бері - ҚР ІІМ №7552 және №5571 ә/б оркестрінің әскери дирижеры (Алматы).

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-ші, 2-ші дәрежелері медальдарымен марапатталған; 2-дәрежелі «Қайсар» төс белгісімен; ҚР ІІМ ІӘ қолбасшысының мақтау қағаздарымен, ҚР ТЖ министрінің, Алматы әскери гарнизоны бастығының, №5449 ә/б бригада қолбасшысының, Алматы гарнизонының ә/б командирлерінің медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - аға лейтенант.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - аспаздық.

Сүйіп оқитын әдебиеті - ғылыми-танымдық әдебиет.

Тұрмыс құрмаған. Ұлы - Швецов Антон Павлович (1988 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub