Ержан Болатұлы Дәуітов
Үлгі:Infobox Biography Дәуітов Ержан Болатұлы - 1973 жылы 22 қаңтарда Шымкент облысы Кентау қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Дәуітов Болат Молдиярұлы, шахтер. Анасы - Дәуітова Күмісай Аппасқызы, дәрігер.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық-хор факультетін бітірген (1998), хормейстер, оқытушы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1998 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының «Хор дирижері» кафедрасының оқытушысы.
2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2005).
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған мемлекеттер көшбасшыларының бірі ретінде көру».
Хоббиі - бильярд.
Сүйіп оқитын әдебиеті - «Бәрін де оқимын».<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>