Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет - 1943 жылы 11 желтоқсанда Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Қаттыкөл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Есенғариев Сәлімгерей, марқұм, ¥ОС қатысқан, кеңшардың бас бухгалтері болған. Анасы - Есенғариева Ағия Бекесқызы, марқұм, үй шаруасында болған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің театр факультетін бітірген (1972), қоюшы-суретші. «Халық педагогикасы негіздеріндегі ұлт денсаулығы және урпақ тәрбиесінің психофизологиялық жаңа көзқарасы», «Халық тағылымындағы әсемдік үлгілері» монографияларының, сонымен қатар 3 мақаланың, соның ішінде «Балалар тәрбиесінің жаңа бағыты» авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1972 жылдан - Махамбет атындағы Гурьев қазақ драма театрының қоюшы-суретшісі. 1978 жылдан - Махамбет атындағы Гурьев қазақ драма театрының бас суретшісі. 1992 жылдан - сән үлгілерін көрсету және ұлттық киім тігу «Гүлмаржан сән үйі» шығармашылық шеберханасының ұйымдастырушысы және жетекшісі (Атырау). 2006 жылдан бері - Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1986). «Айбөбек» Атырау Балалар қайырымдылық қорының президенті (1996-1998). «Еңбек ардагері» (1989) медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1988). Діни көзқарасы - «Дұрыс». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болашақта Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі ретінде көремін». Хоббиі - бақша шаруашылығы. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи-танымдық әдебиет. Тұрмыс құрған. ¥лы - Махамбетов Алмат Оспанұлы (1971 ж. т.), мәдeниет қайраткері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub