Серік Ибрагимұлы Жәмбеталин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:07, 2014 ж. маусымның 5 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Серік Ибрагимұлы Жәмбеталин - 1953 жылы 30 қазанда Көкшетау облысы Чкалов ауданының Қара ағаш ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жәмбеталин Ибрагим Қабылұлы (1918-2003), облыстық статистика басқармасында экономист болып жұмыс істегөн. Анасы - Жәмбеталина Шәмшия Әшімқызы (1927 жылы туған), зейнеткер.
Хронологиясы
- Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргөн (1981), мамандығы - «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру».
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
- 1976 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары.
- 1978 жылдан - Целиноград облыстық комсомол комитеті комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, студент жастар бөлімінің меңгерушісі.
- 1981 жылдан - Көкшетау облысы Зеренді ауданының «ҚазКСР -нің 40 жылдығы» кеңшарының еңбек жөніндегі экономисі.
- 1982 жылдан - Көкшетау облысы Рузаев ауданының ҚазКСР -нің 50 жылдығы атындағы кеңшарының бас экономисі.
- 1987 жылдың мамырынан - Көкшетау облыстық қаржы бөлімінің аға ревизоры - агроөнеркәсіп комитетінің инспекторы.
- 1987 жылдың шілдесінен - КСРО Мемлекеттік агроөнеркәсібі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жоспарлау және нормативтер институтының Көкшетау тірек бөлімшесінің меңгерушісі.
- 1988 жылдан - Көкшетау облыстық «Агросервис» өнеркәсіп бірлестігінің өндірістік-экономикалық бөлімінің бастығы.
- 1991 жылдан - «Бағдар» ШК директоры.
- 1993 жылдан - Көкшетау облыстық халықты еңбекпен қамтамасыз ету орталығының мемлекеттік инспекторы, мемлекеттік инспекция бастығы, бастығының орынбасары.
- 1994 жылдан - Көкшетау облыстық әкімшілігі Экономика басқармасы қаржы-несиелік қатынастар бөлімінің бастығы.
- 1995 жылдан - Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының экономика жөніндегі орынбасары.
- 1997 жылдан - «Атамекен» АТАҚ вице-президенті (Көкшетау қаласы).
- 1999 жылдың наурызынан - «Көкшехимсервис» ЖШС директоры (Көкшетау қаласы).
- 1999 жылдың маусымынан - Ақмола облыстық әкімдігінің кеңес берушісі, бас маманы, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
- 2003 жылдан - Ақмола облыстық Жер инспекциясы бастығының орынбасары.
- 2005 жылдан - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2010 жылдың мамырынан бері - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
Жетістіктері
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - автоәуесқой, шахмат, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - «ТАӨ» сериясымен жарық көрген кітаптар. Үйленген. Жүбайы - Барбанова Тамара Ермұқанқызы (1957 жылы туған), Ақмола облыстық статистика басқармасының есепшісі. Қызы - Әсемгүл.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>