Қияқбай Музапарұлы Асамбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Асамбаев Қияқбай Музапарұлы - 1957 жылы 28 қаңтарда РКФСР Орынбор облысы Белополье кентінде туған. Қазақ.

Әкесі - Асамбаев Мұзапар Асамбайұлы (1890-1978), қойшы болған. Анасы - Асамбаева Шолпан Қуанышқызы (1930-2005), сауыншы болған.

Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын (1979); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хор факультетін бітірген (1986), опера солисі, концерт әншісі, оқытушы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1974 жылдан - Оренбург облысы Белополье кенті ауылдық мектебінің оқытушысы. 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдан - Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының оқушысы. 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. 1986 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік акамедиялық опера және балет театрының солисі.

1999 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының солисі. 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі.

Мәдениет қайраткері (2004). «Жылдың үздік вокалисі» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2006). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2005).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Діни көзқарасы - ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған, мәдениеті жоғары мемлекет».

Хоббиі - музыкамен айналысу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс және шетел классикалық әдебиеті.

Үйленген. Жұбайы - Асамбаева Ғайни Мұсәлімқызы (1957 ж.т.), кәсіпкер. Қызы - Асамбаева Махаббат Қиякбайқызы (1986 ж.т.), «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub