Тұрар Байдүсекұлы Алыпбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Алыпбаев Тұрар Байдүсекұлы - 1959 жылы 22 қазанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Жабасақ» кеңшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Алыпбаев Байдүсек, бухгалтер болған. Анасы - Алыпбаева Гүлбаршын, үй шаруасымен айналысады.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірген (1987), мамандығы - «Тенор-домбыра».

Қазақ ұлттық музыкасы академиясының профессоры (1999 жылдан) (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университет).

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1987 жылдан - Музыка колледжі бөлім меңгерушісі (Арқалық). 1997 жылдан - Музыка колледжінің оқытушысы (Ақмола). 1998 жылдан - Қазақ музыка академиясының оқытушысы; Қазақ халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері.

2005 жылдан бері - Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің концертмейстері.

ҚР Білім беру үздігі. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біздің - мемлекетіміздің гүлденуі».

Хоббиі - классикалық халық музыкасы, футбол.

Үйленген. Жұбайы - Апыпбаева Кеңшілік Амангелдіқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Алыпбаев Аслан (1985 ж.т.), Алыпбаев Олжас (1987 ж.т.); қызы - Апыпбаева Айнұр (2001 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub