Қайырлы Исләмұлы Исләмов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Қайырлы Исламұлы Исламов 1951 жылы 28 желтоқсанда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Темірәлиев Ислам. Анасы - Темірәлиева Сәру. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетін бітірген (1982), опера әншісі, педагог-вокалшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1969 жылдан - Гурьев облысы Теңіз ауданының мектеп интернатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1973 жылдан - Алматы қалалық эстрада-цирк студиясының студенті. 1975 жылдан - Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның студенті. 1982 жылдан бері - Мемлекеттік хор капелласының солиствокалисі. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996). Әскери атағы - запастағы аға сержант. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен Қазақстанның гүлденетініне және әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылатынына сенемін». Хоббиі - тарих, спорт. Үйленген. Жұбайы - Исламова Нәсіп, кітапханашы. Ұлы - Исламов Нұрлан (1977 ж. т.); қызы - Исламова Қорлан (1985 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub