Ерсайын Ысқақұлы Әжібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы - 1947 жылы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы Каменка ауданы Арамқұрдақ ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Әжібаев Ысқақ, марқұм. Анасы - Әжібаева Раушан Болжырқызы, әр түрлі жұмыс атқарған.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының агрономдық факультетін бітірген (1970), ғалым-агроном.

Аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық тақырыптардағы 60-тан астам мақалалардың, жарияланымдардың авторы.

КОКП мүшөсі (1974-1991).

1970 жылдан - Ильич атындағы ұжымшар бөлімінің агрономы, бас агрономы. 1974 жылдан - Новороссийск аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы. 1977 жылдан - Қазақстан Компартиясы Новороссийск аудандық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1978 жылдан - Жданов атындағы ұжымшардың төрағасы. 1984 жылдан - Құдықсай кеңшарының директоры. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Исатай аудандық комитөтінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қобда аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Ақтөбе облысы Қобда аудандық Кеңесінің, аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық әкімшіліктің басшысы. 1993 жылдан - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімшілігінің басшысы, әкімі. 1999 жылдан - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бастығы, «Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы департаменті» МБ директоры.

2008 жылдан 2010 жылдың желтоқсанына дейін - Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

Ақтөбе облыстық, Новороссийск, Исатай, Қобда аудандық Кеңестерінің депутаты. Қазақстан Компартиясының XVI, XVII съездерінің, КОКП XXVIII съезінің дөлегаты.

Еңбек Қызыл Ту (1982), «Құрмет белгісі» (1976) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» (1974), «Тың жерлерді игергені үшін» (1984), «Астана» (1998), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хатымен ескерілген (2001). Ақтөбе облысына Еңбек сіңірген қайраткері (2007).

Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Нарықтық экономикасы күшті дамыған, тәуелсіз демократиялық республика».

Хоббиі - музыка, кітаптар.

Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар, «ТАӨ» әдеби сериясы, детективтер, классиктердің шығармалары.

Үйленген. Жұбайы - Әжібаева Әсия Марданқызы, зейнеткер, педагог болған, Қыздары - Светлана (1970 ж.т.), Тамара (1974 ж.т.); ұлдары - Серік (1973 ж.т.), Мұрат (1976 ж.т.), Сәкен (1980 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub