Ниқанбай Иманғалиұлы Омарханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ниқанбай Иманғалиұлы Омарханов 1955 жылы 1 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында туған. Қазақ. Целиноград ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін (1977) ауыл шаруашылығының инженер-электригі мамандығы бойынша; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (2002) «Экономика және өнеркәсіп пен қаржы-кредит саласында менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1970 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Нұркен» кеңшарының тракторисі, газ-электр дәнекерлеушісі. 1972 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1977 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Нұркен» кеңшарының бас энергетигі, 1981 жылдан - бас инженері. 1986 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Бесоба» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1987 жылдан - Қарқаралы қаласы ААӨБ төрағасының орынбасары. 1988 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Бақты» совхозының директоры. 1994 жылдан - «Агропромтранс» АКК директоры, «Корпорация «Матақ» АҮАҚ президенті, «Матақ» шаруа қожалығының басшысы (Қарқаралы қаласы). 2000 жылдың ақпанынан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары. 2000 жылдың сәуірінен - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 3 мерейтой медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub