Юрий Аркадьевич Шустеров
Шустеров Юрий Аркадьевич (8.9.1960 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымының докторы (1998), профессор (1999). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1983, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды облыстық ауруханасында дәрігер-окулист (1983–1986), офтальмолог-дәрігер (1986–1987), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент (1990–1994); 1994 жылдан Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1998 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектері көз аурулары мәселесіне арналған. 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Шығармалары:
Межслойная рефракционная тоннельная кератопластика (1999).
<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify