Мира Имирқызы Рузиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мира Имирқызы Рузиева - 1952 жылы 20 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі - Кожамниязов Имир, марқұм. Анасы - Ашимова Апрусхан, марқұм. Кеңес саудасының техникумын (1975) тауар танушы-тауар сатушы мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтын (1989) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ұйғыр тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2003-2010). 1984 жылдан - Алматы облыстық жеміс және көкөніс қоймасының тауар танушысы. 1992 жылдан - «Жеміс- көкөнісөнеркәсіп» сауданы меңгеру филиалының директоры (Апматы қ.). 1998 жылдан бері - «Doctor-Stom» ЖШС (тіс емдеу клиникасы) директоры. «Таулы Қырат» АБ төрағасы (2003-2006). Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының мүшесі (2006 жылдан). Құрмет грамоталарымен; Алматы қаласы әкімінің, Денсаулық сақтау департаментінің, «Нұр Отан» ХДП алғыс хаттарымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған ел, өркендеген мемлекет». Хоббиі - гүл өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Рузиев A.M. (1951 ж. т.), дәрігер- имплантолог-ортопед «Doctor-Stom» ЖШС. Үлдары - Әділжан (1974 ж. т.), Канададағы ҚР Елшілігінің дипломаты; Раухат (1982 ж. т.), дәрігер-ортодонт; қызы - Замира (1979 ж. т.), дәрігер-кардиолог.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub