Әлия Қайратқызы Ғалымова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Әлия Қайратқызы Ғалымова 1970 жылдың 18 шілдесінде Павлодар қаласында туған. Қазақ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1992) әлеуметтік-саяси тәртіптемелердің оқытушысы.

Тарих ғылымдарының кандидаты (2006). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан қазақтарының қазіргізамандық ауылдық отбасы». 1987 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1992 жылдан - Қазақ-герман техникалық бизнес колледжінің оқытушысы (Павлодар қ.). 1994 жылдан - «Мерей» жеке шағын кәсіпорынының хатшы-референті (Павлодар қ.). 1995жылдан - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы. 2000 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы. 2004 жылдың мамырынан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасыныңбассарапшысы; 2004 жылдың қыркүйегінен - әлеуметтік-саяси бөлім секторы- ның меңгерушісі. 2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі; 2006 жылдан - әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2010 жылдан бері - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub