Құланшақ Кемелұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құланшақ Кемелұлы (1840, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылы - 1911, сонда) - ақын.


"Көлбайға", "Дүйсенбі датқа", "Құдды мініп, құланды құрықтап жүр" толғаулары, "Шырын-Шекер" дастаны, "Оңдыбайға", "Майлыға", "Мәделіге", т.б. өлеңдері бар. Құланшақ Майлықожа, Шөже, Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосының толық нұсқасын жырлаған. Ж.Жабаев Құланшақтың ақындық шеберлігін жоғары бағалаған.

Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құланшақ қолжазбаларын Орта ғылыми кітапхана қорына тапсырған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify