Қапия Түлкібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қапия Түлкібаев (1905, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1950, Қарағанды қ.) - әнші, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1946). Шығармашылық өмір жолын Қарқаралы аудндағы колхоз-совхоз театрынан бастаған ол Семей драма театрында, 1943 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды облысындағы драма театрында актер болды. 1934 ж. Алматы қаласында өткен Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетіне қатысып, 2-орын алды. Талантты әнші, шебер актер ретінде танылған ол Әлібек, Еспембет (М.Әуезовтің "Айман -Шолпан" мен "Еңлік-Кебегінде"), Шеге. Ақан (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек" және "Ақан сері - Ақтоқтысында"), т.б. образдар жасады. Халық арасына кең тарағаи "Угә-йім", Тоқсан бес" әндерінің авторы. Бұл әндерді Түлкібаев 1930 жылдардың аяғында пластинкаға жаздырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1944) Қазақстан өнер шеберлерімен бірге майдандағы жауынгерлерге концерттер берді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала