Хайдар Рақымов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хайдар Рақымов (18.8.1917, қазіргі Өскемен қаласы - 9.5.1980, Атматы) - кескіндемеші. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы көркем-сурет училищесін (1948) және қазіргі ҚазҰПУ-ды (1965) бітірген. Рақымовтың елеулі кескіндемелік еңбектері қатарында:" Абайдың туған жерінде" (1949), "Бұқтырма СЭС-і" (1958), "Ульбаның жаңа көпірі", "Комбайншы Ұрқьшбаевтың портреті", "Кенді Алтай" (1964), "Балықшылар", "Менің Қазақстаным" (1965), "Шұғыл тапсырма", "Тың көтерген Чапаев кеңшары" (1970) картиналар топтамасы т.б. Қызыл Жүлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала