Сәуле Жаманқызы Таудаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:20, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сәуле Жаманқызы Таудаева (8.3.1958 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайиақ а. ) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996). 1981 ж. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітіртен. Сол жылы "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестріне жұмысқа қабылданды. 1982 жылдан Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі. Т-ның жетекшілік етуімен 1984 ж. "Гүлдерайым" триосы құрылды. Қазір Орал музыкалық колледжінде ұстаздық етеді. Таудаева бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы. Шығармашылық сапармен шет елдерді аралап, өнер көрсетті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала