Кеңес Сыдықұлы Бейсалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кеңес Сыдықұлы Бейсалиев (20.1.1928 ж.т., Ресей, Орынбор қ.) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1978). Алматы консерваториясы-ның (қазіргі Қазақ ұлттық консер-ваториясы) вокалдық бөлімін бітірген (1946). Студент кезінен бастап Қазақ ақад. опера және балет театрында әнші болды. Осы театр сахнасында әр жылдары Сырттан, Жиренше (1951; А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Бекежан, Қапан, Семей (Е.Г. Брусиловсқийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғыны" мен "Дударайыида"), Жанбота (М.Төлебаевтің "Біржан-Сарасында"), Әбдіқадьтр, Қабанбай (С.Мүхамеджановтың "Айсұлуы" мен "Жұмбақ қызында"), Абыз, Еспембет (Ғ.Жүбанованың "Еңлік - Кебегінде"), Шарплес (Дж. Пуччинидің "Чио-Чио-санында"), Данқайро (Ж.Бпзенің "Карменінде"), т.б. 1960 - 70 ж. театр жанындағы воқалдық-хор студиясында сабақ берді. 1988 - 98 ж. театрдың труппа меңгерушісі, 1998 жылдан жас орындаушыларды дайындау реж. 1988 жылдан зейнеткер. Театр құрамымен Мәскеуде (1967, 1978) және Германияда (1986), т.б. жерлерде гастрольдерде болған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1959) және медаль-дармен марапатталған.

Әдебиеттер:

Кузембаев С.А., Воспеть ирекрасное, А.-А., 1982. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала