Шағырай Төбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шағырай Төбетов (1836, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Киров атынданғы ауыл, - 1933, сонда) - әнші-ақын. Жас кезінде Біржан салға ілесіп, шәкірт болған. Өзі ән шығармаса да, халық әндерін, ұстазы Біржанның әндерін, Арқаның басқа да әйгілі әншілерінің шығармаларын орындап, әнші-ақын ретінде танылған. Нұралы (1897), Есенбай (1903), Доскей (1923) тәрізді белгілі ақындармен айтысқан "Бостандық", "Октябрь таңы", "Алғашқы трактор", т.б. өлең-жыр- лары сол кездегі облысы "Бостандық туы" газетінде жарияланып тұрған. Қопабайұлы Қарсақпен айтысы (1923) жинақта ("Айтыс", 3-т., 1966) басылып шықты. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала