Хасен Досайбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хасен Досайбаев (1900, Алматы облысы Жамбыл ауданы - 1945, сонда) - ақын. Отан соғысына қатысқан. Патриоттық өлеңдері майдан газеттерінде басылған. "Жаз", "Жер мен еңбек", "Еңбек үлгісі", "Адал еңбек", "Болат пен дене", "Мұғалім", "Пушкинге", "Фрунзе туралы қойшының өлеңі", т.б. өлендері облыстық газеттерде, жинақтарда ("Халық ақындарының өлеңдері", 1937; "Ел жүрегі", 1937; "Ленин-Сталин туралы жырлар", 1949) жарияланған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала