Дәулет Кавазұлы Тәжмакин
Дәулет Кавазұлы Тәжмакин - 1964 жылы 3 қарашада Қостанай қаласында туған. 1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген, экономист - ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы. Экономика ғылымының кандидаты. (1993).
- 1984-86 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1989-90 жылдары - Қостанай ауыл шаруашылығы институты кафедрасының ассистенті.
- 1993-94 жылдары - «Аспект» инвестициялық-қаржы компаниясы» АҚ маркетинг жөніндегі директоры.
- 1994-96 жылдары - «Биржалық есеп айырысу папатасы» АҚ Басқарма төрағасы.
- 1996-97 жылдары - Қостанай облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі. 1997-98 жылдары - Қостанай облысы Ішкі істер басқармасы қаржымен қамсыздандыру басқармасының бастығы.
- 1998-99 жылдары - Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті директорының орынбасары.
- 1999-2002 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегия және мемлекеттік реттеу департаментінің директоры.
- 2002-03 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ департаментінің директоры, президентінің кеңесшісі.
- 2003 жылы - «Қазақстан Астық Одағы» ЗТБ вице-президенті.
- 2003 жылдан - «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы. ҚР бадминтон федерациясының вице-президенті. Бадминтон бойынша КСРО спорт шебері (1984).
«Шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары» (1993) кітабінің авторы.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Кәсіпқойлық». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Жауапкершілік». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазақстанның қаржы жүйесі сенімді еркендеумен дамуда. Сонымен бірге, дүниежүзілік қаржы-экономикалық қатынастарға кіру мен бейімделумен байланысты проблемалар бар».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>