Меркурий Кузьмич Курилин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:26, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Меркурий Кузьмич Курилин (1824, Орал қ. - 1890, сонда) — жергілікті өлкетанушы. Уездік училищені бітіріп, өз бетінше білімін жетілдіріп, әр түрлі әскери-кеңесшілік, шаруашылық қызметгер атқарған. 1836-37 ж. ол Карелинмен бірге Орал қаласының әскери уч-щесі жанынан ашылған табиғи-өлкетану мұражайын және метеорологиялық бақылау орталығын ашты. Жайық өңірінің флорасы мен фаунасьш зерттеді. Жергілікгі баспасөзде танымдық мақалалар жариялады. Курилин өсиет жазып, өзінің дүние-мүлкін әскери халық мектебінің қажетіне жұмсауды аманат еткен.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>