Жетпіс Исатайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жетпіс Исатайұлы - күйші. 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басында Жаңақала ауданы 9-ауылында өмір сүрген. Тегі — Байұлының ішіндегі байбақты руы. Құрманғазының шәкірті. Ол 16-17 жасында Құрманғазыға ілесе жүріп, қарақалпақтардың, түрікмендердің және Маңғыстау адайларының арасында күй тартқан. Жетпіс Исатайұлы тек күй тартып қоймай, домбыра сазына қосып, қисса, толғаулар және термелер де айтқан (мысалы, «Қарасай-Қази» жыры, түрікмен қиссалары, Жұмырбай жырау термелері, т.б.).<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub