Оңайбай Шотбасұлы Есентұрлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Оңайбай Шотбасұлы Есентұрлиев (1945 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – педагог. Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау унивеситеті) бітірген (1966). 1966 – 86 жылы Қызылсай, Каменный орта мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директоры. 1986 жылдан Каменный, Төлеп ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, әкімі. Ел мен жердің қазақы атауын қайтарып беру жөнінде келелі мәселелер көтеріп, бірнеше мәрте мақалалар жазды. Соның нәтижесінде Каменный ауылына Ер Төлеп аты берілді, Каменный орта мектебі Социалистік Еңбек Ері А.Махмутов есімімен аталды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub