Қазақ драматургиясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Қазақ драматургиясы» («Казахская драматургия»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Мәскеуден шығатын «Литературная газетаның» 1933 ж. 5 шілде күнгі саныңда жарияланды. Мақала сол жылдың маусым айында өткен өлкелік кеңестің қазақ театрының репертуары туралы мәжілісіне орай орыс тілінде жазылған. Мұндағы негізгі пікірлер «Әдебиет майданы» журналының сол жылғы 2-санында О. Беков екеуінің атынан жарияланған «Қазақстан мемлекет театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттер» атты мақаладан алынған. Онда «Майдан», «Тартыс», «Октябрь үшін» атты пьесалардан басқа бүгінгі күннің тақырыбына арналған драматургиялық шығармалардың жоқтығы, сондықтан аударма пьесаларға ерекше орын беріліп отырғаны айтылған. Жазушылардың назарын осыған баса аударып, тақырыпты игеру жолындағы алдағы міндеттерді тілге тиек етеді. Мақала содан кейін ешқайда жарияланған жоқ.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub