Нәдір Шапағатұлы Нұрғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нәдір Шапағатұлы Нұрғалиев (1917, Маңғыстау ауданы Сарқамыс қыстағы – 2002, Ақтау қаласы) – белгілі қоғам қайраткері. Мұғалімдер даярлайтын курсты (1931), Гурьев педагогика техникумын (1939), ҚазҰПУ-ды (1951), ҚКП жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Аралды ауылында сауат ашу мектебінде мұғалімдіктен бастады. Кейін балалар үйінің және орта мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1942 – 47 жылдары Шевченко аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 53 жылдары облыстық партия комитетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі, 1969 – 73 жылдары облыстық мәдениет басқармасының бастығы, облысы кино кеңесінің төрағасы, 1973 – 76 жылдары Маңғыстау облысы тұтынушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1976 жылдан республикалық дәрежедегі зейнеткер. Бірнеше медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub