Сүйеу Мұратұлы Теңізбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:00, 2014 ж. маусымның 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Теңізбаев Сүйеу Мұратұлы (1925 жылы туған, Маңғыстау түбегі, Кендірлі жері) – соғыс және еңбек ардагері. 1943 жылы әскерге алынып, елге 1950 жылы оралды. 1952 – 63 жылы Форт-Шевченко қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі, 1963 – 1986 жылдары Ақтау қалалық комитетінде сектор меңгерушісі болды. 2-дәрежелі Отан соғысы (1985), «Құрмет белгісі» ордендерімен және «Ерлігі үшін» (1947) медалімен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
Дереккөздер
<references/>